Заңсыздықтың алдын алғың келсе, чек талап ет!

11.11.2020ж

Талдықорған қаласында фискалдық чектің берілмегенін растайтын 700-ге жуық заң бұзушылық тіркелген. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ляззат Айтахунова мәлімдеді.

 Оның сөзінше, салық органына тіркеусіз қызметті жүзеге асыру мәселесі бойынша жұмыс құқық қорғау органдарымен және басқа да уәкілетті органдармен бекітілген, бірлескен іс-шаралар жоспарлары негізінде тұрақты негізде жүргізіледі. Рейдтік іс-шараларға шығу алдында салық органдары алдын ала салық төлеушіге және оның қызметін жүзеге асыру орнына визуалды бақылау және салықтық ақпараттық жүйелер арқылы талдау жүргізетін.

Алайда, осы жылдың басынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау тоқтатылған болатын.

Бірақ, 12 мамырдан жыл соңына дейін касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жобасы жүргізілуде. Яғни, чек бермеген кез-келген жағдайды ұялы телефонға жүкелетін "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

«Бүгінгі күні осы "Wipon" қосымшасы бойынша салық органдарына 1 145 өтініш келіп түсті, оның ішінде 683 бұзушылық расталды және бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетсем, фискалдық чектің берілмегені расталған жағдайда ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік хаттама жасалады», – дейді Ляззат Айтахунова.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840256