Өңірдегі күре жолдардан 1292 технологиялық ақау анықталды

04.12.2020ж

« Жол азабын жүрген білер». Бұл ықылымнан бері айтылып келе жатқан нақыл сөз.  Азапты жолдар жоқ емес-ау. Бірақ қарасы да көп емес. Жолдың жайы  туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-маслихатында айтылды. 

Қарашаны қайран қалдыратын осы «бір жолдардың тақтайдай тегіс болуына не кедергі?» деген сауалдың жауабы табылған сыңайлы. Жиын барысында жол құрлыс материалдарының арнайы сынамадан өтпегендігі, яки талапқа сай болмағандығы тілге тиек етілді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Алматы облыстық филиалының директоры Жасұлан Керімқұлов  мәлімдеді.

 Темір тұлпар жүйіткей жөнелетін трассаның кем-кетігін бақылайтын мекеме- «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Аталмыш мекеменің Алматы облыстық филиалындағы мамандар еліміздегі карантинге, тіпті демалыс күндеріне қарамастан тексеру жұмыстарын  жүргізуде. Олар жол құрылысы қызу жүріп жатқан аймақтарға барып, жылжымалы жол зертханасында орнатылған диагностика жасайтын бағдарлама арқылы және заманауи құралдармен арнайы тексеру жүргізіп, істі бақылауында ұстауда.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынның 1-нен желтоқсанның 2-ші жұлдызы аралығында 1199 жолға тексеріс жүргізілген. Ал, ішінара тексерудің саны 2075-і құрап отыр. Соның ішінде 570 жол құрылыс материалдарының сынамалары нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шыққан. 1292 технологиялық ақаулар табылып, оның 706 бүгінгі күнге дейін жойылмаған.

 «Облыс бойынша жолға қойылған "Адалдық Алаңы" жобасы аясында 11 рет жол жұмыстарының сапасын тексеру жүргізіліп, 31 сынама алынды, оның 22-і талапқа сай болмай шықты. Тексеру барысында 28 ақаулар анықталынды.  Табылған сәйкессіздіктер бойынша 5 хат жолданған. 403 шақырым жолдарға  жылжымалы зертхананың көмегімен сараптама жүргізілген екен.

Соның нәтижесінде біраз олқылықтар мен кемшіліктер дер кезінде анықталып, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге хат жолданып,  талапқа сай келмеген аймақ қайта қалпына келтірілуде. Естеріңізге саламыз, жалпы облыс бойынша – 3065,5 шақырым жолға тексеріс жүргізілді.

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143247