Мүгедектерді әлеуметтік қолдау

10.02.2021ж

Қоғамның ерекше мүшелеріне мейілінше жағдай жасау зайырлы мемлекеттің басты ұстанымы. Сандық технологияға көшкен уақытта, кез-келген қызмет түрі қандай қашықтыққа қарамастан қол жетімді болуы шарт.

Бәз баяғыдай, сансыз есікті тоздырып, қисапсыз қағаз толтырып, жауаптылардың жауабын күту келмеске кетті. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, жаңашылдыққа бет  бұрған қоғамдағы бұл бастама біршама жұмысты жеңілдетері анық.     Алматы облысында 67 мың кембағалы адамдар тұрады. Енді олар « әлеуметтік қызмет» порталының қызығын көре алады.

  Тағдыры сын тезіне салғанымен қоршаған орта оларды сыртқа теппейді. Сол үшінде үкімет қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, оларды қоғам өміріне белсенді тарту үшін барлық жағдайды жасауда.

        Осы мақсатта заңнамада мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қолдау  негізінде жәрдемақылардың 4 түрін төлеу, оңалту қызметтері мен құралдарын ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері сынды  шаралар кешеніне кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беретін «әлеуметтік қызметтер» порталы өз жұмысын бастады.

 Аталған портал қызметіне жүгіне отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады. Денсаулық жағдайын жақсартуға арналған жабдықтардың құны мемлекет тарапынан төленеді. Егерде, негізгі құжатта көрсетілген сомадан тауар бағасы артық болған жағдайда, тұтынушы өзі қосымша ақыны төлейтін болады. Өтінім қалдырушы адам, өнімді берушілермен тікелей қарым қатынасқа түседі. Соның нәтижесінде, аталмыш портал бірыңғай цифрлық алаңға айналады.

         «Порталды енгізу нәтижесінде тауарлардың үлкен таңдауы, оңалту құралдары мен қызметтері нарығына тең қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы артады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады»,- дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы.

        Бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарының барлық 55 түрі және қызметтердің 4 түрі енгізілген. Алматы облысында әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 7 жеткізушісі, санаторлық-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 44 жеткізуші 4123 жеке көмекші, 71 ымдау тілі маманы тіркелген.

         Жеке көмекшінің қызметі бойынша 2990 өтініш әлеуметтік қызметтер порталына жолданды, оның ішінде 2961 тапсырыс берілді, ымдау тілі маманының қызметі бойынша 466 өтініш әлеуметтік қызметтер порталына жолданды, оның ішінде 453 тапсырыс берілген. Ал санаторий-курорттық емдеу қызметтері бойынша 768 тапсырыс жолданып, оның ішінде 193 тапсырыс берілді, техникалық оңалту құралдары бойынша 2237 өтініш жолданды, оның ішінде 1050 тапсырыс жөнелтілді.

          

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840654