Алматы облысының судьяларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңейтілген кеңес өткізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 23.02.2021 04:32
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 905
23.02.2021ж
Бүгін Алматы облыстық сотында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облыстық сотының судьяларының, аудандық, оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған кеңейтілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу аясында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары судьяларды облыс аумағында қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды, сондай-ақ соңғы 3 жылда судьялардың қатысуымен республика бойынша сыбайлас жемқорлық істерінің статистикасын келтірді.
Жандос Жұмабаев өз сөзінде: «Бүгінгі таңда судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы айтылғанда және жалпы сот жүйесінде жемқорлық фактілердің анықталғаны бұл өте қорқынышты құбылыс. Себебі сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық алғышарттарының болғаны өзі соттардың бейтараптылығы мен адалдығы қағидатын бұлдыратады, сот төрелігін тиімді әрі пәрменді іске асыру жолында кедергілер жасайды және ең бастысы, бүкіл сот төрелігі жүйесіне және тұтастай мемлекеттілікке деген абсолюттік сенімге нұқсан келтіреді. Сондықтан бүгін судьялар Заңның өкілдері бола отырып, мөлдір таза және мінсіз беделге ие болулары тиіс».
Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев бүгінде сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермеу бойынша белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуге тиіс екенін атап өтті. Профилактикалық жұмыс тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмеуі тиіс, сонымен қатар судьялар арасында сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, бұл талдау жұмысымен сүйемелденуі тиіс. Бұл үшін соттарда ішкі қауіпсіздік қызметтері бар, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеуге бағытталған кешенді алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар, азаматтық сектор өкілдері, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының төрағасы Виктор Тен соңғы өзгерістер аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының кейбір аспектілерін түсіндірді. «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың проблемалық мәселелерін атап өтті.
Кездесу соңында облыстық сот төрағасының м.а. Досымбет Қалдарбек қатысушыларға Алматы облыстық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратқа қол жеткізді.