Еңбекмині қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті

25.02.2021ж

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті.

Құжат ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленді, онда әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

 

Жоспарда 9 бағыт бойынша 36 іс-шара қарастырылған. Олардың барлығы аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын, өмір ұзақтығын арттыруға, әлеуметтік және психологиялық саламаттылыққа, әлеуметтік өмірге тартуға және т. б. бағытталған.

Құжат «Аға буын азаматтарының құқықтарын сақтау және қадір-қасиетін қамтамасыз ету», «Аға буын азаматтарының материалдық жағдайы», «Аға буын азаматтарының жұмыспен қамтылуын арттыру», «Қарт адамдары бар отбасыларды қолдау» және т. б. бағыттарды қамтиды.

Мысалы, «Бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау» бағыты аясында еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу, қарт адамдар үшін мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, қарттар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізу және т. б. жоспарлануда.

Ұлттық жоспарды әзірлеу кезінде Мадридтің қартаю мәселелері жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспарының ұсыныстары ескерілді. Онда қарт адамдардың тек әлеуметтік қамтамасыз етілуіне ғана емес, сонымен қатар зияткерлік және өндірістік тәжірибе иесі, қоғам дамуының белсенді қатысушылары ретінде сұранысқа ие болуына бағытталған шаралар қарастырылған.

Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ анықтаған 7 пайыздық шекті еңсеріп, халқы қартайған елдерге жатқызылды. Еліміздің 8 аймағына қартаю процесі тән.

Мәселен, елдің солтүстік-шығысында және Орталық Қазақстанның бір бөлігінде жағдай Еуропа елдерімен ұқсас, яғни халықтың аз табиғи өсімі және көші-қонның теріс сальдосы себебінен жас адамдармен салыстырғанда егде адамдар санының тез өсуіне байланысты халықтың қартаюы орын алады.

Республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде, сондай-ақ Нұр-Cұлтан қаласында бала туудың өсуі есебінен 15 жасқа дейінгі халық үлесінің ұлғаюы байқалады, нәтижесінде халықтың қартаю көрсеткіші төмендейді.

Іс-шаралар жоспарымен enbek.gov.kz сайтында танысуға болады.

 МТСЗН утвердило план мероприятий по повышению качества жизни пожилых людей

 Министерство труда и соцзащиты населения РК утвердило План мероприятий по улучшению положения граждан старшего поколения «Активное долголетие» до 2025 года». Документ разработан в рамках реализации Концепции социального развития РК до 2030 года и Предвыборной программы партии Nur Otan, в которой одной из приоритетных сфер соцполитики является улучшение качества жизни людей пожилого возраста. 

В Плане предусмотрено 36 мероприятий по 9 направлениям. Все они направлены на повышение качества жизни граждан старшего поколения, увеличение их продолжительности жизни, социального и психологического благополучия, вовлечение в социальную жизнь и др.

Документ включает в себя такие направления, как «Соблюдение прав и обеспечение достоинства граждан старшего поколения», «Материальное положение граждан старшего поколения», «Повышение занятости граждан старшего поколения», «Поддержка семей с пожилыми людьми» и др.

К примеру, в рамках направления «Формирование условий для организации досуга» планируется открытие центров активного долголетия во всех регионах страны, проведение культурно-массовых мероприятий для лиц пожилого возраста, проведение мероприятий, посвященных празднованию Дня пожилого человека и др.

При разработке Национального плана учитывались рекомендации Мадридского международного плана действий по проблемам старения. В нем предусмотрены меры, направленные на то, чтобы пожилые люди были не только социально обеспечены, но и востребованы как носители интеллектуального и производственного опыта, активные участники развития общества.

На сегодняшний день Казахстан уже преодолел 7-процентный порог, определенный ООН, и отнесен к странам со стареющим населением. Процесс старения характерен для 8 регионов страны.

Так, на северо-востоке страны и в части центрального Казахстана ситуация схожа со странами Европы, то есть происходит старение населения из-за быстрого увеличения численности пожилых людей по сравнению с молодыми по причине незначительного естественного прироста населения и отрицательного сальдо миграции.

В южных и западных регионах республики, а также в городе Нур-Султан наблюдается увеличение доли населения в возрасте до 15 лет за счет роста рождаемости, в результате чего уменьшается показатель старения населения.

Ознакомиться с Планом мероприятий можно на сайте enbek.gov.kz.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124428