Адалдық жолынан айнымайық!
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2021 04:35
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1276
26.02.2021ж
2021 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және қоғам қайраткерлері мен дін өкілдері қатысты.
Өткен жылы Антикор Ұлттық академиялық кітапхана базасында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен көптеген тікелей эфирлер өтті.Эфир барысында адалдық, әділеттілік және парасаттылық қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығы туралы айта келе, халық арасында кеңінен таралған мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бастамалардың өзіндік «фабрикасы» екендігін тілге тиек етті.
Парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды. Кездесуге қатысқан ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері бүгінде ашық орталықтар ел игілігі үшін игі идеялар мен бастамалардың тартылыс нүктелеріне айналатынына зор үміт білдірді.
Ал 10 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасындағы өзара ынтымақтастық кездесу өтті.
Ынтымақтастық кездесу барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев «Парасат жолы» жобасының мәні мен маңызына тоқталып, Алматы облысының әр өңірінде аймақтық орталықтардың ашылуына тапсырма берді. Осыған орай 17 ақпан күні «Панфилов ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты 26 кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында 3 «Парасат жолы» орталығы, 22 бұрыш ашылды. Жаңа орталықтардың жұмысы - адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ету.
Парасаттылық дегеніміз - әр тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетіліп, жоғары мәдениеттілігін көрсетуі. Әлемге әйгілі ойшыл, философ Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деген болатын. Осыны ескерсек парасаттылық қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек екенін айтқым келеді.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек» - деп айтып өткеніндей жемқорлардың көбейіп бара жатқандығының бірден-бір себебі – адамдардың кітап оқуға деген құлшынысының жоқтығы. Парасаттылыққа, адалдыққа үйрететін құрал – ол кітап. Кітап оқыған көзі ашық адам әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастырып отырады. Адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытында аудандық кітапхана бұған дейін біршама жұмыстар атқарды және болашақта да атқара бермек.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық сөзінен гөрі парасаттылық ұғымы туралы көбірек айтыла бастады. Парасатты адам - істейтін ісін, сөйлейтін сөзін алдымен ақыл таразысынан өткізіп барып шешім қабылдайтын адам. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасқан тұтастығын білдіреді.
«Парасат жолы» жобасының негізгі үш тірегі – өзара түсіністік, құрмет пен сенім болғандықтан Панфилов аудандық кітапханасы алдағы уақытта «Адалдық алаңы» жобасының «Парасат жолы» орталықтарында жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім қағидаттарын ту етіп ұстау мақсатында ауданымыздың зиялы қауымымен бірге студенттер мен оқушылардың қатысуымен түрлі сауалнамалар, дебаттық сайыстар, челлендждер және пандемияға байланысты белгілі адамдармен тікелей эфирлер, жастарға дұрыс бағыт беретін әңгімелер, дөңгелек үстелдер, ұжым арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында түрлі тренингтер мен жиналыстар, семинар сағаттар жоспарлауда.Біздің мақсатымыз - кейінгі ұрпаққа қуатты экономикасы мен берік рухани-адамгершілік негізі қалыптасқан мемлекетті қалдыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмыстарын біз кітапханашылар қолдаймыз! Ашылып отырған барша орталықтардың жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Д.СҰлтанбекова,
аудандық кітапхананың
директоры.