Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1 шілдеден бастап іске асырылады

15.03.2021ж

Әкімшілік Кодекспен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастары, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі реттеледі, яғни жеке және заңды тұлғалар мен әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың арасында туындайтын мәселерлер мен шағымдарды шешу болып табылады.

 

Аталмыш кодекс 2021 жылы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.Оның ішінде  4 бөлім, 175 бап 29-тарау бар.

Айта кету керек, кодекс күшіне енгеннен кейін, Қазақстан Республикасының 27 қараша 2000 жылғы "әкімшілік рәсімдер Туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27, 28, 29-бөлімдері  де ӘРПК-ға өтіп, 1 шілдеден бастап күшін жояды.

Кодекс тараптардың қоғамдық-құқықтық даулар бойынша қатынастарын және  әкімшілік процедураның өзін реттейді, сәйкесінше соттар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдар да әкімшілік кодекске бағынады.

Заң тікелей күшіне енгеннен кейін, 2020 жылғы 29 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бас құжатта  айтылғандай, 10 кодекс пен 65 заңда   көрініс табады.

Сондай-ақ,көптеген  шет елдерде, оның ішінде бұрынғы Кеңес елдерінде де Балтық елдері, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстанда әкімшілік әділеттілік бар.Ендігі уақытта  мұндай соттар Қазақстанда да құрылатын болады.

«ӘРПК қарайтын мәселелер  бойынша мамандандырылған ауданаралық 21 сот орын алмақ, оның ішінде, облыс орталықтарында 14 сот, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 3 сот және Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз қалаларында 4 сот құрылатын болады»-деп хабарлады Алматы облыстық сотының судьясы Раушан Дакубаева.

Ескере кету керек, шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке немесе әрекетсіздікке, шағымды қарайтын басқа органға немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын, талап қою арқылы сотқа шағым жасауға құқылы.

Меруерт Ақбарова

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840224