Еңбек қатынастары бойынша 89 заңбұзушылық тіркелді
- Толығырақ
- Жарияланды 15.03.2021 10:22
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 860
15.03.2021ж
2020 жыл қорытындысы бойынша 151 тексеріс жүргізіліп, 673 адамнан арыз түсті. Арыздардың 80%-ын жалақы ала алмау мәселесі құрап отыр. Тексеріс барысында 89 заңбұзушылық тіркеліп, еңбек қатынастары жөнінде 59, жұмыспен қамту мәселесі бойынша 26 заңбұзушылық орын алған.
Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
«Мекемелерде 20 өндірістік оқыс жағдайлары тіркеліп, 24 адамның ауыр жарақат алғаны, 6 адамның қаза тапқаны анықталды. Осы жағдай төңірегінде арнайы комиссия құрылып, тексеріс жұмыстарының материалдары қажетті органдарға берілді. Сонымен қатар, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілермен жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының талаптары қатаң сақталуы қажет. »,- деді Алматы облысы Еңбек иснпекциясы бойынша ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Бауыржан Орманов.
Облыс бойынша мерзімінен асқан берешек 2020 жыл басымен салыстырғанда 60 миллион астам мөлшерге азайып 48%-ды құрады.
Ескеретін маңызды жайт, төтенше жағдай орын алған мезетте жұмыс орны мен штат санын қысқартуға мәжбүр болатын жұмыс берушілер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қысқарту жөнінде жұмыскерлерді кемінде 1 ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Жұмыс беруші қысқартуға байланысты еңбек шарты бұзылған кезде жұмыскерге бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізуі тиіс.
Айта кетейік, басқармада облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысшылары тарапынан Төтенше жағдай кезінде жалақынының уақытылы төленбеу дерегі туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.
Айсана Майкен