Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті заң бұзушылықтарды анықтады

30.03.2021ж

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен түскен өтініштің негізінде Ақсу ауданының "Айжулдыз балабақшасы" МКҚК сәйкестік аудиті жүргізілді.

          Аудит нәтижелері бойынша 28549,6 мың теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық -8308,1 мың теңге болса; рәсімдік заңбұзушылық бойынша -20241,5 мың теңге, атап айтқанда:

- қызметкерлердің шоттарына 541,8 мың теңге сомасына жалақыны негізсіз  аудару анықталды;

- 6433,8 мың теңге сомасында пандус және көше жарығын орнату бойынша орындалмаған жұмыс көлемі расталып, 1332,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелінді;

         Аудит барысында 8308,1 мың теңге мөлшеріндегі барлық сома тиісті бюджет кірісіне өтелді.

         Сонымен қатар, аудит жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңбұзушылықтар анықталды, негізсіз бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы 20241,5 мың теңге сомасына айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік сатып алу жүргізілген, атап айтқанда: 2019 жылы - 15647,3 мың теңге сомасына 18 сатып алу ; 2020 жылы-4594,2 мың теңге сомасына 4 сатып алу өткізілген.

         Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 3295,0 мың теңге сомасына 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, толық өтеліп, тәртіптік  жауапкершілікке  3 лауазымды тұлға тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізді

 

         Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ-де 01.01.2018 жылдан  бастап 31.08.2020 жылдар  аралығындағы кезеңде балалар үйі түлектерінің банктік шоттарынан ақшалай қаражатты алудың заңдылығы сондай-ақ, жетім балалардың шоттарында ақшалай қаражаттың толық болуы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.

         Жүргізілген аудит барысында мекеме атынан директор (кәмелетке толмаған жетім балалар мен балалардың қамқоршысы мен қорғаншысы) әлеуметтік қызметкерге 24.07.2018 ж, 21.06.2019 ж, 03.08.2020 ж. мерзімінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік Қоғамына тәрбиеленушілердің мүдделерін білдіру, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуін бақылауға, карточкалық базада депозиттік шоттар мен ағымдағы шоттар ашуға, пластикалық карточкалар мен оларға ПИН конверттерді алу құқығымен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (ЗТМО) ақша алу және тағы басқадай қызметтерді жүзеге асыру үшін сенімхат берілген.

         "Қазақстан Халық Банкі" АҚ аудит ұсынған анықтамаға сәйкес әлеуметтік қызметкер тәрбиеленушілердің шотынан 46 177,309 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын заңсыз шешіп алғаны расталды.

         Қазіргі уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тиесілі заңсыз алынған ақшалай қаражатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840115