Жемқорлықпен күресу - парыз

22.04.2021ж

Ұлт жоспары аясында жемқорлыққа қарсы күрес – Президент саясатының басым бағыттарының бірі. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдарда лауазымды қызметкерлерді және басқа да тұлғаларды қамтамасыз етуге бағытталған.   

     Сыбайлас жемқорлық – құқықтық әлеуметтік, экономикалық және әкімшілік саласындағы ең өзекті әрі көкейкесті нысанға айналды.

     2014  жылғы   26  желтоқсанда   Қазақстан      Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

     Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатын, алға басқан қадамды кейін тартып, қоғамның дамуына тежеу болатын сыбайлас жемқорлықпен  күресті  күшейту -   әрқайсымыздың азаматтық  борышымыз.

М.Сағымбек,

Қазақстан  Заңгерлер

  одағының  мүшесі,

 Панфилов  ауданаралық

Әділет  басқармасының басшысы.

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840187