Халық санағы қалай өтеді?

23.04.2021ж

Халық  санағын  өткізу  туралы  мәселе  жақында реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңесте қаралды. Әзірге біздің болжамдарымызға сүйене отырып, эпидемиологиялық жағдайға қарай халық санағын 1 қыркүйектен қазан айының соңына дейін өткізу шешімі қабылданады.

Яғни санақ шамамен 2 айға созылады. Санақ жүргізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.
Бұрынғы санақтармен салыстырғанда биылғы санақты барынша цифрландыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін Ұлттық статистика бюросының арнайы сайты sanaq.gov. kz. ашық тұрады. Бұл санақ аясында барлық сұрақтарға онлайн жауап беруге мүмкіндік береді. Қазанның соңғы екі аптасында интервьюерлер тұрғындардың үйлерін аралап, планшеттер арқылы ыңғайлы формада толтырылатын болады.
Санақтың алғашқы нәтижелерін жыл соңына дейін алу жоспарланған.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840167