Жалпыұлттық санақ — еліміз үшін маңызды оқиға

30.04.2021ж

2021 жылдың 29 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысында күн тәртібінің бірінде ұлттық халық санағын өткізу мәселелері қарастырылған болатын.

Осы  бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары жетекшілігімен санақты ұйымдастыру жөнінде құрылған арнайы комиссиясының бірінші отырысы да өтті. Жалпы ҚР Ұлттық халық санағы 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында өткізіледі.

                Арнайы дереккөздерге сүйеніп, ғылыми тұрғыдан айтатын болсақ,  халық санағы дегеніміз — белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Тәуелсіздігін қайта қалпына келтірген сәттен бастап біздің елімізде халық санағы осы уақытқа дейін екі рет өткізілді.

                Елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіліп отырады. Алғашқы халық санағы 1999 жылы өткізілді. Сол кездегі санақтың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 14 981 281 адамды құраған екен. Ал 2009 жылы өткізілген екінші санақтың нәтижесі бойынша 16 009 597 адамды құрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда халық саны 1 млн 27 мыңға өскен. Халықтың этникалық құрамы да өзгерген. Қазақтар саны 26%, өзбектер 23%, ұйғырлар 6,8% өскен, ал орыс, неміс, украиндар мен басқа да этностардың саны керісінше 15,3%, 49,5%, 39,1% және 4,8%-азайған екен.

                Енді былтыр басталған пандемиялық ахуалға және басқа да саяси-әлеуметтік мәселелерге байланысты халық санағы биыл өткізілуі жоспарланып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген осынау еліміз үшін маңызды оқиғада баршамыз белсенді болып, ерекше екпін қосайық.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840109