ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚтың алдын алу - басты міндет
- Толығырақ
- Жарияланды 29.06.2021 09:06
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 1346
23.06.2021ж
Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізгі және басты міндеті - қоғамға және құқықтық тәртіпке құқық бұзушылықтан келeтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету.
Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірінші, қоғам және әрбір азамат құқықтары мен заң қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқық бұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Бұрынғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және оның ажырамас серігі құқық бұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқық бұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез-құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өміріне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтату үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральдық және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Кез-келген құқық бұзушылық бұл адамның саналы және еркімен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін ерікті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образды. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзылушылыққа жатқызылмауы тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілік нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.
Ең алдымен барлық құқық бұзушылық мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет, әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет, әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет, әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Ж.Бердіқожаев,
Үлкенағаш ауылдық округі
әкімшілігінің жетекші маманы.