Балалардың отпен ойнауынан өрттің алдын алу

26.08.2021ж

Балалардың отпен ойнауынан туындаған өрттер-өкінішке орай сирек емес. Мұндай өрттердің соңы  өте қайғылы- балалар өлімімен аяқталуы мүмкін. Кішкентай балалардың барлығы дерлік оттың қаупін толық түсінбестен, оған деген қызығушылық танытады.

Үш-бес жастағы балалар өз ойындарында көбіне ересектерді қайталайды, олардың әрекеттеріне, жұмысына еліктейді. Бұл жаста балалар бәрін тезірек біліп,өздері жасап көргісі келеді. Балалардың өз бетінше жасауға  ұмтылысы әсіресе олар үйде жалғыз қалған кезде айқын көрінеді.

Балалардың  ойынынан  туындайтын өртті  болдырмас үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі тәртібі туралы үйрету;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болу;

- сіріңкелерді балаларға қол жетімді жерде қалдырмаңыз;

- балаларға пеш, газ плиталарын жағуға, электр құрылғыларын өз бетімен қосуға нұсқау бермеңіз;

- балалардың от жақпауын қадағалаңыз;

- үйден шыққан кезде кішкентай балаларды үлкендер қараусыз қалдырмаңыз;

- балаңыздың бос уақытын қызықты ұйымдастырыңыз.

Балаңызға өрт кезінде не істеу керек екенін үйретіңіз.

Егер өрт немесе жану белгісі (түтін, жоғары температура, жану иісі және т.б.) анықталса, кез-келген жастағы бала бөлмеден дереу кетуі керек.

Өрт туралы ересектерге немесе өрт сөндіру қызметіне «101»  телефонымен хабарлаңыз.

 Панфилов ауданының ТЖБ

бас маманы аға лейтенанты                                              М.А.Иманбеков

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839404