Абайлаңыз алаяқтар!
- Толығырақ
- Жарияланды 15.10.2021 08:37
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 924
15.10.2021ж
Қылмыстық заңға сәйкес, алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену болып табылады.
Өкінішке орай біздің ауданымызда осы санаттағы қылмыстардың динамикасы соңғы уақытта жылдан жылға өсуде.
Оған себеп, алаяқтың құрбаны болған адамның сенгіштігі, жеңіл табыс көзіне құмарлығы және көп нәрселерден хабарсыздығы әсер етеді. Бұл өз кезегінде алаяқты қылмысқа итермелейтін алғышарт болып табылады.
Мысалы, 2021 жылы аталған санатта Панфилов аудандық полиция бөлімінде 68 қылмыстық іс тіркеліп, оның нәтижесімен 23 құқықбұзушылар сотты болды.
Аталған қылмыстардың ең көп тараған түрі, ол алаяқтардың қарапайым адамдардың сеніміне кіріп, жер телімдерін және үйлерді алып берем деген алдау жолымен жасалған.
Сондай-ақ, осы қылмыстардың жасалуы интернет желісі, яғни «OLX», «Колеса» «Инстаграм» және т.б. сайттар арқылы кеңінен таралуда.
Ескертеміз! Жер телімдерін және үйлерді арзан бағамен алып берем деген азаматтраға сенбеуді, жеңіл табыс жолын іздемеуді, интернет желілерде мұқият болуды және мұқтаждарыңызды заң нормаларына сәйкес, яғни тиісті мемлекеттік органдарға бару арқылы шешу қажет.
Ескертілген қарулы болады демекші, аудан тұрғындарын алаяқтардың торына түспеуді және өз мүлкілеріңізге мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Панфилов ауданының
прокуратурасы.