Сүйекке таңба болған қылмыс

15.10.2021ж

Қазақстан да әлемнің көптеген елдері сияқты адам саудасымен күресті басты бағдар етіп алған. Бұған қарамастан адамды саудалау, оны ұрлау, еркінен тыс мәжбүрлеп жұмыс істету фактілері толастар емес.

 

                Әлемде және Қазақстанда адам саудасына қатысты кең тараған сала жезөкшелік, яғни тән саудасы арқылы ақша табу. Қазақстаннан құлдыққа, яғни жезөкшелікке түсетін әйелдер шет мемлекеттерге, әсіресе Ресей, Түркия және Сауд Арабиясы секілді елдерге тасымалданады. Туризм, жұмыс істеу мақсатында шет мемлекеттерге барып, сол жерден құлдыққа түсетін отандастарымыз аз емес. Бұл аталған  елдерге  Қазақстан азаматтары  үшін  визалық  жеңілдіктердің    болуымен  де  байланысты.

                Сондай-ақ, көршілес Орталық Азия елдерінен, яғни Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келіп, тәнін саудалайтын әйелдердің  саны да азаймай отыр. Аталған елдерден Қазақстанға құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда-саттық саласында еңбек етуге келіп, құлдыққа ұшырап жататын ер азаматтар да бар. Бұл да сол елдердегі экономикалық жағдайдың әсері болса керек. Адам саудасы фактілерінің көші-қон үдерістерімен бірге өсетінін мониторинг жұмыстары дәлелдейді.

                2008 жылы Walk Free халықаралық ұйымы Қазақстанда 75 мың адам құлдықта өмір сүруде деген деректі келтіреді. Яғни, еліміз статистикаға енген 167 мемлекеттің ішінде 83-орынға жайғасты.         Бұл әрине жағымсыз көрсеткіш. Осы ретте, бұған қатысты ресми деректер айтылмайды. Деректердің айқын болмау себептері көп.

                Біріншіден - шетелден келетін мигранттардың құлдыққа түсуіне қатысты мәліметтер анық емес.

                Екіншіден – құлдыққа түскендер босағаннан кейін де кек алу қорқынышынан көрген зәбірін айтып, шағымдана бермейді.

                Үшіншіден – жезөкшелікке тап болған нәзік жандылар ұялғанынан және болашағын ойлап, шағымданбайды.

                Сондықтан ресми қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды есептемесек құлдыққа түсіп, адам саудасының құрбанына айналғандар туралы тап басып айту қиын. Осыдан кейін жоғарыда  аталған ұйым сияқты  тәуелсіз     институттар  мониторинг  нәтижесін,  зерттеулерді негізге алып, болжам  жасауда.

                Қазіргі таңда COVID-19 пандемиясы әлемдік экономиканы едәуір құлдыратып, тек Қазақстанда ғана емес әлемдік деңгейде жұмыссыздар санын арттырып отыр. Жұмыссыздар саны ұлғайса,  қылмыс саны  көбейіп, ақша үшін тәнін саудалайтын, төмен шарттармен жұмыс іздеп, құлдыққа ұшырайтындар саны артуы мүмкін.

Жазира  Байсеркеева,

Пенжім ауылдық округі әкімі

 аппараты мемлекеттік мекемесінің

жетекші маманы.

rial"'>        

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839336