Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ ашылған ЕЗЖ-ға аударылады

2022-05-20


2022 жылдың 1 мамырынан бастап«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.

 

Кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы депозит иелері тізіліміндегі ақша салушының дербес деректері салымшының БЖЗҚ-дағы дербес деректеріне сәйкес келген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты бар болса, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы депозит иесінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болған кезде ЖЗШ-ға есепке алынады.

Яғни, салымшыларға БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ – аталған шарттар сақталған жағдайда ҚДКБҚ аударған қаржы ЕЗЖ есепке алу үшін автоматты түрде БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-ға аударылады.

ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға аударылған талап етілмеген кепілді өтемақыөзге де зейнетақы активтері сияқты сол тәртіппен инвестицияланады. Бұл қаражат салымшыға (алушыға) инвестициялық табыс әкеледі.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көзделген жалпы негіздерге сәйкес, салым иелері ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері түрінде БЖЗҚ-дан кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген қаражатын ала алады. Бұл талап ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар келесі салымшыларға қатысты:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

4) ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған зейнетақы жарналары бар тұлғалар.

Сонымен бірге, егер депозит иесі ҚДКБҚ-дан дәлелді себеппен төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда (салымшының әскери қызметке алынуы, оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы, салым иесінің мұрасын қабылдау және мұраны иелену, мұрагерлікті ашуға қатысты өзге де себептер, депозит иесінің бас бостандығынан айыру орындарында болуы, сондай-ақ, сот белгілеген басқа да мән-жайлар) ол тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш беру қажет. Бұл жағдайда БЖЗҚ ҚДКБҚ хабарламасы негізінде ҚДКБҚ кепілдік өтеудің талап етілмеген сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

Қосымша мәлімет: 2022 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 банк жойылу үдерісінде. Жабылған сегіз банктің ("Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ) салымшылары өз төлемдерін ҚДКБҚ-дан 2022 жылғы 1 мамырға дейін қоса алғанда кепілдік берілген өтемақысын ала алады. Кейінірек таратылған "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді ағымдағы жылдың 3 шілдесін қоса алғанға дейін ала алады. Кепілдік берілген өтем сомасын төлеуге өтінішті төлемдердің Электрондық порталы арқылы онлайн, немесе лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына төлем қайтару үшін тағайындалатын агент-банктер арқылы жазбаша беруге болады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839216