Шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар той кезінде учаскеге келіп, дауыс берді
- Толығырақ
- Жарияланды 06.06.2022 07:54
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 831
2022-06-06
Бүгін республикамыздың әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде ерекшеленген қазақстандықтар да бар. Қарағандыда конституциялық реформаға дауыс беру үшін Наталья Уголькова есімді тұрғын тіпті итімен бірге келген. Ал Ақтөбеде 18-ге енді толған егіздер де бүгін бірінші рет дауыс беріп жатыр. Ал Талдықорғанда шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар той кезінде учаскеге баратын уақыт тауып, таңдау жасапты. Толығырақ аймақтардағы әріптестерім тарқатуға дайын тұр.
САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші:
– Алматы облысында жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар да, ұзатылып жатқан қыздар да өмірлеріндегі маңызды күнгі қарбаласқа қарамастан, еліміздегі саяси науқаннан шет қалмай өз таңдауларын жасады. Солардың бірі, Талдықорғанда салық саласында қызмет ететін Ермек пен Жібек. Айтулы күні шаңырақ көтеріп жатқан жұп достарымен қыдырмас бұрын, қол ұстасып арнайы учаскеге келді.
ЖІБЕК ДОСАНАМАНОВА, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Сондай-ақ, Ескелді ауданынан ұзатылып жатқан 20 жастағы Сағила Сәрсенбек те өз таңдауын жасауға келген. Бірақ жалғыз емес. Бойжеткен болашақ жұбайымен қол ұстасып учаскеге бірге кірді. Айтуынша, екі жас тойдың нағыз қызған шағында уақыт тауып, таңдау жасауға бірге шыққан.
ДИАНА САПАРҚЫЗЫ, тілші: Ал Қарағандыда референдумға итімен бірге келіп дауыс бергендер де табылды. Төбетін құшақтап келген Наталья Уголькова зооқорғаушы. Ол Конституцияның пунктері жануарларға тікелей қатысты болмаса да, Негізгі заңда ұсынылып отырған өзгерістердің жануарларды қорғаудағы жүйеге де оң әсер ететініне сенімді. Тұрғын өзімен бірге референдумға ертіп келген Манон атты итін осыдан төрт жыл бұрын белгісіз біреулер қоқысқа лақтырып кеткен жерінен тауып алыпты. НАТАЛЬЯ УГОЛЬКОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны: – Жануарларды қорғау ісім - бұл референдумға келіп дауыс беруге себепкер болды. Себебі Қазақстанда соңғы кездері жануарларға деген зорлық - зомбылық фактілері белеҢ алып барады. Негізгі заңдағы өзгерістердің әділ жүйенің орнауына түрткі болатынын сенімдімін. Сондай-ақ, рефендумға келіп дауыс бергендерге арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды. Референдумға келген тұрғындар өз таңдауларын жасаған соң, «Мен өзгерістерге дауыс бердім» баннері алдында жақындарымен, құрбы-құрдастарымен естелікке суретке түсіп жатыр. Бұдан бөлек, референдум күні қазақстандықтардың саны да толықты. Бүгін таңғы сағат 7.00-де тек бір Қарағанды қаласында 12 бала дүниеге келді. ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші:
– Ал Ақтөбеде 18-ге енді толған Әсет пен Әсел есімді егіздер бүгін бірінші рет дауыс беруге келді. Күні кеше мектеп бітірген түлектер Негізгі заңға ұсынылып отырған өзгерістер болашаққа жарқын қадам деген пікірде. Сондықтан елін, жерін қолдау үшін жалпыхалықтық референдумға ойланбастан келгендерін айтады.
ӘСЕЛ ҚОНҚАЕВА, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
– Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосу ретінде бүгін бірінші рет дауыс беруге келдік. Көңіл-күйіміз өте керемет. Және біз дауыс беру ретінде болашағымыздың айқын болуына зор үлесімізді қосамыз деген үмітпен дауыс беріп жатырмыз. Ал Шымкентте дауыс беруге келгендердің қуанышында шек жоқ. Кимешек киіп келген келіншек, комиссия мүшелеріне шашу шашып, ізгі ниетін білдірді. Жанар Қожанова, Самал Қабышева, Диана Сапарқызы