Басты назарда-адам құқығы
- Толығырақ
- Жарияланды 07.12.2017 08:09
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 2457
Дамыған және өркениетті әрбір мемлекеттің негізгі заңы болып елдің Конституциясы табылады. Осы заңда мемлекет пен қоғамның негізгі принциптері, құрылымы, бағыты анық айқындалған. Әр елдің Конституциясы сол елдің негізгі заңы ретінде басқа заңдардың қабылдануына бағыт-бағдар беруші акт болып табылады. Біздің ата заңымыз да ең жоғары заңды күші бар акті болып табылады және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Еліміздің Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілген.
Еліміз тәуелсіздік алған соң 1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз мемлекеттің бірінші Конституциясы қабылданды. Осы Конституцияның қағидалары бойынша тоталитарлық жүйеге тән саяси жүйеден арылып, зайырлы және құқықтық мемлекет құруға бағыт алдық.
Сол себепті 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда еліміздің қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Еліміздің бірінші Конституциясы қабылданған кезде Кеңестер Одағынан қалған кейбір заңдар қолданылып келді. Ал қолданыстағы Конституцияның қабылдануы ұлттық заңнаманың қалыптасуының негізі болды, яғни барлық заңдар Конституциядан бастау алуы және оған қайшы болмауы тиіс.
Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 22 жыл толып отыр. Осы кезеңде бұл Заң өзінің өміршеңдігін, дамуымыздың талабына сай екенін көрсетті. Содан кейінгі кезеңде елімізде нарықтық қатынастар мейлінше дамып, жаңа қаржылық жүйе қалыптасты. Қоғамда мемлекет пен азаматтардың арасында жаңа қатынастар орнап, осы қатынастарды реттейтін жаңа заңдар қабылдау қажеттілігі туындады. Бұл қатынастарды реттеуде Ата заңымызға сай қабылданған және оның қағидаларын айқындайтын, толықтыратын, заман талабына сай басқа да заңдар тәуелсіз мемлекетіміздің көркеюі үшін баға жетпес құндылықтар болып табылады.
Еліміздің Конституциясы сот билігіне қатысты қағидаларды жүзеге асыру үшін де басқа заңдарға бағыт Бере білді.Осындай заңдардың қатарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен дайындалған, 2015 жылдың 31 қазаны күні қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін жатқызуға болды. Қазақстан Республикасының жаңартылған Азаматтық процестік кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және басқа да кодекстердің қабылдануы еліміздің саяси және экономикалық дамуы жолындағы жемісті шаралардың бірі ретінде бағаланады. Аталған кодекстер сот билігінің жүйелі дамуына, өркендеуіне, қоғамның сұранысына лайық болуына жол ашады.Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында туындайтын дауларды өркениетті түрде, яғни заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу – демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті дәрежеде, әсіресе еліміздің Конституциясына сай қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығының басты көрсеткіштері болып табылады.
Сондықтан Ата заңымыз алға қарай да биік деңгейде, барлығымыздың және әрқайсысымыздың құқықтарымызды қорғайтын, еліміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтау, әлемдеге отыз ең дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну жолындағы басты құндылығымыз болып қала береді.
Э.Асуба ева,
аудандық соттың судьясы.