«Сауатты тұтынушы – Жауапты бизнес»

2023-02-22


Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің атқарған жұмыстары және облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында «ҚР Сауда және Интеграция Министрлігі сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысы Еділ Зайытбеков баяндап берді. Баспасөз мәслихатына тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмір Ғазалиев те қатысты.


Жетісу облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері 77 өтініш түскен. Оның ішінде 30-ы оң шешімін тауып, 1 541 000  теңге тұтынушыларға қайтарылды, 46  өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өтініштердің алдыңғы қатарында бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы тұр.
Спикер ҚР Премьер-министрінің орынбасары Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсанындағы бұйрығы негізінде 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап Жетісу облыстық Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті деп өзгеріп, облыстық сауда департаментімен бірге қосылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулердің 2 пакеті туралы ақпарат берді.
«Атап айтсақ, біріншіден, бұл қоғамдық бірлестіктің пайдасына айыппұл нормасын қалпына келтіру. Кәсіпкер  сотқа  дейінгі тәртіпте бұзушылықтарды жоюдан бас тартқан жағдайда сот азаматтық іс  бойынша айыппұл салады деп болжауда. Екіншіден, тұтынушылар дауларын шешудің  көпсатылы алгоритмін қысқарту. Яғни, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында азаматтардың сот арқылы қорғалу құқықтарының сөзсіз қорғалуына кепілдік берілген.
Осының негізінде жобаны әзірлеуде күрделі механизмді екі қадамға дейін жеңілдету ұсынылды. Біріншіден дауды сотқа дейін реттеу, ал екіншіден тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну мүмкін болды. Сонымен қатар дауды соттан  тыс реттеу ерікті, бірақ тұтынушы мен кәсіпкердің өзара тілегі мен келісімі бойынша ғана», – дейді  Е.Тасболатұлы.
2022 жылдың бес айында департаментке 100  өтініш түсіп,   5 414 000  теңге  қайтарылды. 
Бүгінде тұтынушылардың өтініштері ай сайын 25-30%-ға артқан, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді.
Бұл саладағы проблемалық бағыттар  –  шағымдардың 65,1%-ға жуығын құрайтын бөлшек сауда теріс жетекшілік етеді (тиісті және сәйкессіз сападағы тауарларды қайтарудан бас тарту, ақша қаражатын қайтарудан бас тарту туралы өтініштер және т.б.)  және арыздардың 5,58%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына (коммуналдық қызметтерді сапасыз көрсетуге, тарифтерді негізсіз көтеруге, электр есептегіштерін заңсыз тексеруге және ауыстыруға, электр желілерін заңсыз басып алуға, газ таратушы компаниялардың үстінен түскен шағымдарға және т.б.) қатысты жиілеген.
  «Сіздердің барлығыңыз тұтынушы екеніңізді атап өткім келеді. Сондықтан, сатып алған тауарыңыз, көрсетілген қызметіңіз сапасыз болып шықса немесе қайтарусыз және ауыстырусыз сізге жеткізілмеген жағдайда Жетісу облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ  Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларымызға жаза аласыздар. Сондай-ақ  eotinish.kz  және  e-Tutynushy.kz. платформалары арқылы өтініш беруге болады», – дейді департамент басшысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839970