ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ДЕПОЗИТ МӘЖБҮРЛЕУ ЗАҢСЫЗ!

2023-07-31


Қазақстандық тұтынушылар көңіл көтеру, демалыс базалары және т.б орындарына барып, демалған уақытта кәсіпкерлер тарапынан депозитпен мәжбүрлеу сынды мәселеге ұшырап жатады.

 

Бұл ретте ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 28 бабында тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынған, яғни бұл бәрімізге мәлім Депозит жайлы айта кетсек, жоғарыда айтылған Заң талаптарына қайшы болып табылады.

Бұл жайында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков облыстық «Атамекен» ҰКП өткен «Көңіл көтеру орындарындағы, демалыс базаларындағы депозит мәселесі және тұтынушылар құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында жеткізіп,  заңның нормаларын кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге, оның ішінде көңіл көтеру орындарымен демалыс базасы иелеріне түсіндірді.

Сонымен қатар, департамент басшысы «Тұтынушылар ресторан, кафе, асхана және басқа да тамақтану орындарында тапсырыс беруге арналған мәзірдегі тіл мәселесін қозғап, жоғарыда аталған заңның 24 бабына сәйкес сатушы (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы "ҚР тіл туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге міндетті» екендігін атап өтті. Практика жүзінде кездескендей, кәсіп иелері мәзірді тек орыс тілінде көрсетіп, тұтынушылар тарапынан мемлекеттік тілде көрсетілмегендігі туралы шағымдар келіп түсуде.

Тағы бір өзекті мәселе, егерде тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайдағы шағым жазу, кері байланыс жайлы да жиын барысында көтерілді. Бұл жайында Еділ Зайтбеков «ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 33-2 бабында сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті» - деп атап өтті.

Жиында өзгерістермен толықтырулар енгізілетін ҚР «Тұтынушылар құқықтары туралы» Заңының жобасы жайында сөз қозғалды. Заң жобасының 54-бабында кәсіпкер сотқа дейінгі кезеңде заңды талаптарын қанағаттандырмаған тұтынушының пайдасына айыппұл салу көзделгенін атап өткен жөн. Бұл айыппұлдың бірегей ерекшелігі-оның тараптардың бәсекелестігі негізінде сот өндіріп алған сомасы сотта өзінің заңды тұтынушылық құқықтарын қорғайтын тұтынушының пайдасына аударылады.

Сонымен қатар, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтының енгізілуімен тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғауды институционалдық күшейту жүзеге асырылатын болады.

Жиын жалғасы сұрақ-жауап алмасумен жалғасып, кәсіп иелері өздеріне қажетті мағлұматтарды алды.

Жалпы ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 200ден аса өтініш түсіп, 6 101 000 теңге қаржы тұтынушыға қайтарылған. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар: сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839894