ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ: 2506 ЖЕТІСУЛЫҚ ТЕГІН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ
- Толығырақ
- Жарияланды 10.05.2024 10:15
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 205
2024-05-10
Жетісу облысында қазіргі күннің өзінде 2506 адам жобаны аяқтап, сертификаттарын алды. Өңірде тұрғындарға қаржылық сауаттылыққа үйрететін, табысты орынды жұмсауға жол көрсететін «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында тегін оқыту курстары өз нәтижесін беруде.
- Жобаның 10 легі аяқталып, қатысушылар сертификаттарын алды. Бұл жоба жыл соңына дейін жалғасып, әлі 4000-4500 мың адамды қамтып, тегін қаржылық сауатын арттыруға ниеттіміз, - деп атап өтті Жетісу өңірі бойынша жоба жетекшісі Замзагүл Сламбекова.
Жобаның мақсаты – проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру, қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету.
Оқу бағдарламасы бойынша келесі санаттағы азаматтар оқытылуда:
- Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
- Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
- Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Сондай-ақ, оқуға жоба аясында ауылдық елді мекендерден қаржылық сауаттылығымды арттырамын деген ниеті бар азаматтарда қамтылуда.