Абаттандыру жұмысы да жүргізілді

2024-05-21


 

 

 «Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің бүкіл өңірінде ұйымдастырылып жатқан  экологиялық тұрғыдан алғанда маңызды шара. Тазалыққа шақыратын ауқымды бағдарламаның арқасында  тұрғындардың туған жерге деген зор махаббатын оянатыны кәміл.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен қарамағындағы басқарма, бөлім, бөлімшелерінде әскери ұжымдар орналасқан ғимараттардың аумағы мен жұмыс кибнеттерін тазалау шарасы ұйымдастырылды.

Маңызы зор - «Таза Қазақстан» акциясына әскери қызметшілердің барлығы үлкен ынтамен қатысты. Бірі күрекпен тал-терекетердің түбін қопсытса, бірі жел ұшырып әкелген қоқыс қалдықтарын жинады. Әйелдер жағы кабинеттерін жуып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тазалау жұмыстарымен қатар гүлдер мен тал-теректердің көшеттерін отырғызуға жалғасқан шараның арқасында шекара сақшыларының қоныс тепкен аумақтарында абаттану жұмыстары да қатар жүрді.  

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

1


 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4520981