Лудоманиядан сақтаныңыз
- Толығырақ
- Жарияланды 21.05.2024 06:59
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 203
2024-05-21
Қазіргі кезде қоғам үшін дертке саналып, адам өміріне қауіп төндіретін жағымсыз әдеттердің қатары көр. Оның бірінің алдын алуға болатын болса, енді бірінің дауасы жоқ. Солардың бірі – лудомания.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен ойынқұмарлықтың алдын алу мақсатында Талдықорған қаласынан дін ғылымдарының маманы Қанат Мүтебаев пен аудандық ішкі саясат маманы Жұлдыз Анарбекқызы сабақ өткізді.
- Лудомандар – құмар ойынының жолына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолдана бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізіліп отыр. Бұл құрыққа ілінгендердің саны тез өсуде. Осы мәселенің алдын алуда білікті мамандардың көмегіне жүгіне отырып, бұқараны ақпараттандыру ғана мәселенің жолын кесуге мүмкіндік береді, - дейді дін ғылымдарының маманы Қанат Мүтебаев.
Кездесу сағатында әскери қызметшілер мамандарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Сонымен қатар, рухани азық алып, жағымсыз әдетке қатасты мол ақпарат алды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті