Жетісудағы орман және дала өрттері: қауіпсіздік шаралары

2024-06-14


Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Жетісу облысында 3 орман өрті және 29 дала жануы орын алды. Атап айтсақ, орман өрттері Кербұлақ ауданының «Алтын Емел» орман қорының аумағында, Алакөл ауданы, Аралтөбе учаскесінде және Талапкер ауылының маңында орын алған. Ал дала жануы Талдықорған мен Текелі қалаларында, сондай-ақ, Қаратал, Алакөл, Панфилов, Сарқан, Ескелді аумағында болды. Өрт қауіпті кезеңдегі ақпаратпен Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Санат Төлепбеков бөлісті.

 

Күннің күрт ысыуынан маусым айының 8-10 аралығында тек 3 күн ішінде облыс аумағында 20 шаршы метрден 10 гектарға дейін 21 гектардың жалпы алаңында 31 жану болды.
Белгілі болғандай, табиғи өрттерді ерте және уақтылы анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ғарыштық мониторингы, бейнебақылау, пилотсыз ұшу аппараты пайдаланылады. Бұл технологиялар экожүйеге келтірілген зиянды азайта отырып, өртті тез анықтауға және оған жауап беруге мүмкіндік береді.
Елді мекендерде 157 ерікті өртке қарсы құралымдар мен 46 өрт сөндіру бекеттері құрылды. Бұл шаралар өрттің алдын алуға және уақтылы сөндіруге бағытталған, әсіресе дала мен орман өрттеріне жиі ұшырайтын аймақтарда өте маңызды.
«2024 жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық барысын қарау мақсатында инспекцияның жылдық жоспарына сәйкес орман иеленушілердің дайындық барысы тексерілді. Дайындық барысы 10 баллдын 8 баллын көрсетті. Ерікті өрт сөндірушілер 1469 адам, 134 трактор, 90 көлік. Жанар-жағар май қоры 15 т дизель отыны, 16 т бензин дайындалған», - деп атап өтті Самат Төлепбеков.
Жетісу облысы аумағында Алакөл 1 қорық, 2 мемлекеттік ұлттық табиғи парк 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар. Бұл табиғи нысандар ерекше назар аударуды және өрттен қорғауды қажет етеді.
Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы атап өткендей, өрттерді жою жоспарын енгізу және сақтау, сондай-ақ заманауи технологияларды белсенді пайдалану және еріктілердің қатысуы Жетісу облысының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Күнтізбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4628751