Жолдауға қолдау
- Толығырақ
- Жарияланды 03.09.2024 11:43
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 94
2024-09-03
Біз отбасымызбен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей көрсетілім арқылы тыңдадық. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның күнін жариялады.
«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», - деді мемлекет басшысы. 2025 жыл жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды.
Президент, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті.
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», - деді
Мемлекет басшысы мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет екенін айтты.
Президент бұл жұмысты Үкімет пен қаржы саласын реттеу органдарына тапсырды.Бұл ұсыныстарға болашағымыз дұрыс екендігіне сенімдіміз.
Орынгүл Нақысбекова,
Жаркент қаласының тұрғыны