АЭС бойынша түсіндірме жұмыстары Талды ауылында жалғасын тапты

2024-09-11

Аудандық халықтық штаб мүшелері Талды ауылында казпочта орталығында болып, жергілікті тұрғындармен және зейнеткерлермен кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, әсіресе атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

 

Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Базаркүл Қадырқызы АЭС-тың Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді. Оның айтуынша, әлемнің дамыған елдері атом электр станцияларынан тоқ көзін үздіксіз өндіріп, оны тиімді пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуда, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көптеп ашылуымен энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Осы себепті АЭС-ты енгізу арқылы туындайтын проблемалардың алдын алу қажеттілігі туралы сөз қозғады.

Жаркент қаласының арадгерлер төрағасы Рахметолла Турлыбаев өз сөзінде, егер біз болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруін қаласақ, бұл мәселеге бей-жай қарамай, дұрыс шешім қабылдауымыз керек деп атап өтті. Ол әрбір азаматтың референдумда дауыс беру кезінде ойланып шешім қабылдау керектігін айтты, себебі бұл тек қазіргі емес, болашақ ұрпақтың да өміріне әсер етеді.

Ақпаратпен мұқият танысқан жергілікті тұрғындармен зейнеткерлер АЭС салу мәселесін қолдайтындықтарын ашық білдіріп, штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында тұрғындар АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840969