АЭС – қажетті жоба
- Толығырақ
- Жарияланды 25.09.2024 12:03
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 68
2024-09-25
Кішішыған ауылындағы «Шамшырақ» балабақшасында атом электр стансасы бойынша жиын өтті.
Жиынға АЭС салуды қолдау жөніндегі штаб мүшелері, бірқатар қоғам белсенділері, техникалық сала мамандары, балабақша ұжымы қатысты.
Іс-шарада 6 қазанда өтетін референдум жөнінде ой-пікірлері айтылды. Сондай-ақ сала мамандары ойларын айтып, жан-жақты талқылады.
-«АЭС экономикалық қауіпсіздікке 60 пайызы бағытталған. Бұл қажеттіліктен туындап отырған іс. Уақыт оздырмай өз деңгейінде бір кісідей берекелі істі қолға алу керек»,-дейді штаб мүшесі Елтай Қожақов.
Атом электр станциясы ток көздерін реттеуге үлкен септігін тигізетін көрінеді. Бұл туралы штаб мүшесі Берік Сәрсембаев айтып берді.
«АЭС керек жоба болып тұр. Энергия тапшылығын шешуіміз қажет. Жан-жақтағы көршілерге кіріптар болмайды. Таза экологиялық тиімді жоба бізге керек. Сондықтан бұл жобаның тиімділігін ел, халық көреді. Дамыған елдердің бәрінде жаңа технологиялық тәжірибе өндірісте қолданылады,-деді ол.
Бағдат Тлеухан.