Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысында бірнеше ұжымдармен кездесулер өткізді
- Толығырақ
- Жарияланды 27.09.2024 05:14
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 76
2024-09-27
Олар тұрғындармен атом энергертикасының тиімділігі турасында пікірлесті
Ал, «Жасыл энергияның» маңыздылығына тоқталған штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев: «Кез-келген жерде жергілікті қауымдастықтың пікірі маңызды. Бүгінде бірнеше көршілес мемлекеттер атом станцияларының құрылысын бастауға бел буып отыр. Біздің елде 1967 жылы қолданысқа берілген бірнеше реакторлар жұмыс жасауда. Кадр әлеуеті де жеткілікті. Бірақ, оның қауіпсіздігіне де көңіл аудару қажет. Бұл тұрғыда халықаралық МАГАТЭ ұйымы еліміздегі реакторлардың жұмысын ұдайы бақылап отырады. Осы жылдар ішінде біздің елге ұйым тарапынан қандай да бір қарсы пікірлер түспеген. Демек, отандық мамандар өз ісінің шеберлері»,-деді.
Кездесуде жергілікті қауымдастық өкілдері атом станциялары өндіретін электрдің тарифтері мен құрылыс барысы, онда қамтылатын жұмыскерлер саны жайында ақпарат алып, пікірлерін ортаға салды.
Ал Қызылжарма тұрғындары Халықтық штаб өкілдерінен АЭС төңірегіндегі сауалдарына жауап алды.
Ауыл халқы қашан да ел үшін өзекті бастамалардың жанынан табылып, мәселенің тиімділігін талқылап жүреді. Сонымен қатар, ауылды гүлдендіру бағытында елімізде ілкімді істер атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламалардың дені осы ауыл халқына арналған. Оның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналасу, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жобаларының бірнешеуі іске асырылуда. Сондықтан, қандай да бір маңызды мәселені ең алдымен елдегі көнекөз қарияларымен, ауыл тұрғындарымен талқылап, пікірін білу игі дәстүрге айналды.
Халықтық штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев атом энергетикасының әлемдік тәжірибелерін баяндап, еліміздегі ядролық физика саласының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, әлемдік аренадағы ірі державалардың атом саласындағы ашқан жаңалықтарымен, қазіргі атом станцияларының жаңа буыны жайлы түсіндірді.
Кездесуде қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев көмірден өндірілетін энергия мен көмірқышқыл газының қоршаған ортаға залалы жайлы түсіндірді.
Сонымен қатар, республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына арнайы келіп, «СКЗ-U» ЖШС ұжымымен кездесті.
Онда мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
«Бүгіндe өзіміздeгі элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ», – деді Халықтық штаб мүшесі Мұрат Абенов.
Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов АЭС-тің eл экoнoмикaсынa және энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa тигізeтін ықпaлы жайында ақпарат беріп, ұжым мүшелерін 6 қазан күні референдумге келуге шақырды.
Мұнан соң Халықтық штаб өкілдері Сунақата ауылында болып, ауыл тұрғындарымен пікірлесті. Кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, атом электр станциясын салудың перспективасына қатысты өз ойларын жеткізді.
Ал Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов Шиелі ауданында болып, аудандық штаб мүшелерімен бірге Бәйтерек, Телікөл ауылдары тұрғындарымен кездесті.
Кездесулерде атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы қатысушылармен пікір алмасты.
Жиында Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтып береді.
Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі. - деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов.
Сонымен бірге Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді, оның ішінде атом энергетикасының тиімділігін талқылау мақсатында қазыналы қариялармен жүздесті.
«Бүгінде қоғамның ойындағы фобияның бірі – атомнан келетін қауіп. Бұл өткен күндерден қалған қиын кезеңнің естелігі болар. Дегенмен, кеше әріптесім Наурызбай Сейтқалиұлымен «ЯФИ» орталығында болып, осы саламен айналысатын мамандармен тілдесіп, жұмыстарымен таныстық. Осыған дейін «МАГАТЭ» ұйымынан келген тексерулер нәтижесінде бірде-бір рет ескерту жасалмаған екен. Демек, отандық ғалымдарымыз, орталық мамандары тиісті деңгейде қызмет атқаруда»,-деп атап өтті.
Дөңгелек үстелде бас қосқан ардагерлер мәселенің мәйегін пайымдап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.