ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЛЕБІ
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2024 13:49
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 44
2024-10-06
Референдум арқылы шешім қабылдау мәселесі демократиялық институттары дамыған елдерде жиі пайдаланылады. Бұл институттың қолданыста болуы демократиялық қоғамның жарқын көрінісі. Жалпы, референдумға қатысу – азаматтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның ел болашағы алдындағы азаматтық жауапкершілігі. Біз әрбір азаматтың референдумға қатысуы және өзінің таңдауын жасауы маңызды. Өйткені бұл елдің стратегиялық болашағын айқындайтын шешім.
Мамандар электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артып жатқанын дәйектеуде. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Қазіргідей әлемде ресурстарға, энергияға бәсеке күшейген уақытта елдің энергетикалық тәуелсіздігі, энергетикалық қауіпсіздігі бірінші орынға шығып отыр. Мұндай жағдайда, орынсыз үрей мен жөнсіз популизмнің жетегіне еріп кету болашаққа жасалған қиянат болар еді.
Бүгінде барлық мемлекет үшін халықты тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе. Барлық жерде ресурс үшін талас жүруде. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселелерге айналған. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бола алмайды.