Ел ертеңі үшін дауыс бердім...
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2024 13:54
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 43
2024-10-06
«Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді» демекші, бұл жолғы дайыс беруге өз отбасымды толықтай ертіп келдім. Елдің ертеңі солардың еншісінде болғандықтан бес бүлдіршініме бұл науқанның маңыздылығын түсіндіріп, әкелік үлгімді көрсеттім.
Айдынды Алакөлдің орталығы Үшарал қаласының №50 дауыс беру учаскесінде АЭС құрылысына қатысты ойларымды сарлап, дауысымды бердім. Меніңше, бұл бастама біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміз үшін, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өнеркәсіпті дамытуға, білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен медицинаны өркендетуге таптырмас құрал. Елімізді жарықпен қамтамасыз етуде жан-жаққа жалтақтаудан арылып, өз нарығымызды өзіміз игеруге жол ашады.
Бізде уран шикізаты мол, оны өндіруден әлемде алғашқы орындамыз. Осы мүмкіндікті неліктен тиімді пайдаланбасқа? Сонымен қатар, АЭС-тің қызметін басқаруға қажетті ғылыми амандарымыз, инженерлеріміз де жетерлік. Қазіргі таңда 4 жоғарғы оқу орындары осы бағытта жас мамандарды даярламақ. Демек, АЭС салынып болғанша екі толқын мамандар оқып, тәжірибе де жинақтап үлгереді.
Менің таңдауым еліміздің ертеңін жарық ету үшін сәл болса да үлесін қосты деген сенімдемін. Дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатқан халыққа қарап риза болдым. Демократиялық мемлекет екенімізді танытып, өз пікірлерін білдіруде. Солардың ішінде алдыңғы толқын ағамыз, ақын-жазушы, ауданның Құрметті азаматы, дәл бүгін 82 жасқа референдуммен тұспа-тұс толып жатқан Тезекбай Садиев ақсақал да бар. Өзінің жанұясын толықтай ертіп, өз таңдауын жасап жатты. Қос бірдей қызы білім саласында үлкен жетістіктерге жетсе, ұлдарының юірі облыстық мәслихат депутаты, бірі Алматыда ірі мекеме басшысы. Қарап, көзің де, көңілің де тояды.
«Мен тоқсаныншы тоқырау жылдарында қызметте болып, электр қуатының қажеттілігін сезінген жандардың бірімін. Күнігі бір-екі уақыт қана жарық беріліп, немесе апталап қуатсыз отыратын уақыттар да болды. Сол қиындықты сезінген толқыннанбыз. Осындай ауыртпалықтар ұрпағымызға түспес үшін мен де өз дауысымды бердім»,- дейді Тезекбай ақсақал.
Неткен көрегендік, осындай арда тұлғалардан үлгі алып, сарабдал ақылын тыңдап, біз де алға қадам басып келеміз. Шешіміз ортақ болып, таңдайымыз бір арнада тоғысады деген ойдамын. Қазақстанды бірге қуаттандырайық!
Алмат ЕСЕНБЕКОВ.