ДАУЫС БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2024 14:00
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 43
2024-10-06
Әрине неше ғасырлық тарихы бар алпауыт елдермен тереземіз теңесуге тәуелсіз еліміздің әрбір кәмелет жастағы жандарының белсенділігі мен берекеттілігі аса маңызды. Мінеки бүгінгі өтіп жатқан референдум елімізге АЭС құрылысын салуға шешім қабылдауды да ел Президенті Қ.Тоқаев халқының құзырына беріп «иә»не «жоқ» деген дауыс берулері үшін бар мүмкіндікті жасап берді. Отан отбасынан басталады деген қағида негізін де бізде отбасымызбен барып өз дауысымызды бердік.
Оның түпкілікті мақсат мүддесі Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің келешегі кемелді болуына өздерінің «үнін» кез келген істе белсенділік және білімділік жаңа заман талабына сай өзгерген сана сезіммен білдіруі олардың бүгінгі өз өмірлері болашақтағы ұрпақ алдынағы парыздары. Осы парызымызға қарыз болып қалмау біздің бүгінгі міндетіміз…
Ал бүгін дауыс берген халықтың 51 пайызы қолдаймыз ИӘ деп дауыс берсе АЭС салу мүмкіндігі болады. Егер 51 пайызы ЖОҚ деп дауыс берсе кейінге қалады. Өйткені көптің шешімі ТҮЙІНІ.
Сол үшін мемлекет басшысы қыркүйек айындағы халқына жолдауында ҮНДЕУ жасаған еді.
Бұл қазақтың өз еліңнің бүгінгі және келешектегі маңызды да мерейлі мүддесіне қатысты іске «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасының жүзеге асуының тетігі.
Егер АЭС салынуына халық қолдауы болған жағдай да ел азаматтары,майталман маман, ғалымдар, өркениетті елдердің озық үлгідегі технологиясын игерген кадрлар, халықаралық МАГАТЭ ұйым өкілдері, халықтың сенімін ақтауға жауапкершілікті мемлекет басшысы өзі бастап өзгелердің де өзекті ойларымен санасатын талай комиссиялар құрылып жан-жақты талқыдау нәтижесінде шешім қабылдап халықпен санасып отыратынына еш күмәніміз жоқ. Өйткені қазіргі кадрлар жаңа заман талабына сай өркениетті елдердің өзекті ғылым, технологиясын игерген білімді де білікті, халқының ұлт құндылығының ұлылығын өзге елдермен салыстыра саралай білетін жандар деп сенеміз!!!
Сенім бар жерде үміт ақталады!
Сол үшін де атам қазақ ықылым заманнан бері жастарға сенім артып үкілеп келген ұлы халық.
Ал қазіргі жастарымыздың сана сезімі, ғылымға деген бетбұрысы биіктерді бағындыра бастағанын соңғы жаңалықтар мен қоғам өзі айғақтап әуелі әлемнің елдері де мойындап қолдап отыр. Бұл жас мемлекет Қазақстан үшін үлкен мақтаныш!
Ләйім бейбіт өмірдің берекеті ел ішінде шынайлылықпен орнығып тұғырымыз тұрақтылығы мықты, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын ағайын!!!
Құрметбек Сансызбайұлы,
қоғам белсендісі