«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты - қоғам тыныштығы

   Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауында: «...дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірлік сапасына селкеу түсіреді» делінген.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру шеңберінде құқық қорғау және мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп кең ауқымды жұмыс жүргізуде.

 

                «Мүлдем төзбеушілік» қағидатының негізінде – ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, тыныштықты бұзу, адамдардың қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу бойынша Алтынкөл станциясында халық арасында үнемі түсіндірілу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

                Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Қазақстанның әр азаматы көз алдында жасалып жатқан құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай, дер кезінде полиция  қызметкерлеріне хабарлауы қажет. Кез келген отбасы белгілі бір заңдылыққа негізделіп өмір сүреді. Аталмыш тәртіп қоғамда орнаса, яғни әр адам мәдениеттілікті өзінен талап етсе, аталмыш жолдамада тапсырмалары орындалары хақ. Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс-бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шабады.

                Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан            Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. «Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздері бар.

                Құқықтық мемлекетте өмір сүрген әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұматты болғаны дұрыс. Заңды бұзбай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

Е.Абдуллаев,

Алтынкөл ст.ЖПб-нің  ӘПТ-ның  инспекторы, полицияның аға

  лейтенанты. 

Күнтізбе

« Ақпан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

booked.net