Жетісу облысындағы газ баллондардың қауіпсіздігі бақылауда

2024-10-09

Жетісу облысында жыл басынан бері газ баллон пайдалануға қатысты 5 оқыс оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Қайғылы оқиғалар әсіресе жылдың суық мезгілінде газ баллондардың жарылысынан, яғни газ баллонды газбен толтыру және қолдану кезінде температуралық ауытқулардан болады.

 

Мамандар қайғылы жағдайға басты себеп өңір тұрғындарының ескі баллондарды пайдалануынан болатынын ескертеді. Ескі баллон апаттың болу ықтималдығын арттырады.
Қазіргі уақытта Жетісу облысында газдандыру көрсеткіші 50,4% құрайды. Бүгінгі күнге облыстың 39 елдімекен қамтылған, көгілдір отынға 93,4 мың абонент қол жеткізіп отыр.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4782509