Егеменді елдің еңсесі биік
- Толығырақ
- Жарияланды 24.10.2024 08:27
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 46
2024-10-24
Бәрімізге ортақ мереке, үлкен де қуанышты оқиға – 25 қазан Қазақстан Республикасы күні. Бұл ел тарихындағы аса маңызды тарихи күн. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР жоғарғы кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бұл декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздігін алуға деген 25-қазан үлкен қадамдардың бірі болып есептеледі. 5 жылдан кейін, яғни 1995 жылы 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.
Сондықтан, елімізде Республика күні ұлттық мереке болып белгілену жайдан жай емес, ол дегеніміз еліміздің құрылуындағы ең маңызды күн екенінің белгісі.
Ұлттық мереке еліміздің жастарының Отанға деген патриоттық сезімін оятып, өз тарихымызды, еліміздің қазіргі тәуелсіз, егеменді ел қатарына қосылудағы өткен талай қиындықтарын еске түсіріп тұрады деген ойдамыз. Қазақ елі бұл күнге оңайлықпен жеткен жоқ, оны біз тарихтан жақсы білеміз және ол туралы келер ұрпақ ұмытпаса екен. Осы қан мен тердің көмегімен келген егемендігімізді сақтап қалу және елімізді көркейту болашақ ұрпақтың қолында. Барша Қазақ елін осы Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз бен біз болып, еліміздің көркеюіне,егемендігіміздің берік болуына атсалысып, болашақ ұрпаққа өнеге бола білейік.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымызды жеткіземіз. Дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы істеріңіз табысты болсын!
Бұл күн ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Айдын ТӨРЕБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі.