Жетісу облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарының қорытындысы шығарылды
- Толығырақ
- Жарияланды 28.10.2024 07:15
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 29
2024-10-28
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде еліміздің барлық аймағында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі осы бағытта жұмыс жүргізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша осы жұмыстың қорытындылары туралы жоғарыда аталған қоғамдық ұйымның өкілдері, сондай-ақ ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшылығы хабардар етті.
Қоғамдық ұйым өкілдері Ажар Қыдыралина мен Жанна Биятан хабарлағандай, жобаның міндеті осы ұйымдарға аккредиттелген әрбір өңірде кемінде 15 өнім (тауар) бірлігін зерттеу (сынау) нәтижелері туралы объективті және анық мәліметтерді БАҚ арқылы тарату арқылы Қазақстан тұтынушыларына сатылуы жүзеге асырылатын өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылатынын жеткізді.