«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АПТАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
- Толығырақ
- Жарияланды 31.10.2024 09:59
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 35
2024-10-31
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Оның аясында партия мүшелері мен ауыл белсенділері әр бейсенбі сайын елді мекендерде тазалық жұмысын өткізіп, табиғатты қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
-Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы қала, ауыл-аймақтарды көркейту бойынша тапсырма берген болатын. Еліміздің бас партиясы осы бастаманы қолдап, «Таза бейсенбі» акциясы арқылы тазалық жұмыстарын үздіксіз жалғастаруды қолға алды. Бұл құптарлық іс. Себебі экологиялық акция науқандық болып қалмай, ісіміз әдетке, әдетіміз мінезімізге айналуы тиіс. Бүгін біз партияластар және ауыл белсенділері болып ауылымызда орналасқан Жаркент өңірінде жеті ғасырдан бері өсіп тұрған Әулиеағашымыздың айнласына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. «Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара апта сайын жалғасып келеді. Біздер мұны тазалап қана қоймай, акция арқылы аудан тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз». Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасып келеді. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіріп келеді деді Панфилов аудандық мәслихат депутаты М.Нүптібеков.
Елді мекендерде, көпшілік жүретін күре жолдардың бойында, демалыс аймақтарында және халық көп шоғырланатын тарихи орындарда өтіп жатқан игі шараға қоғам болып үлес қосылуда. Мәселен, елге танымал азаматтар, спорт шеберлері, ардагерлер мен жастар бір кісідей қатысып келеді.