Қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі
- Толығырақ
- Жарияланды 04.11.2024 11:49
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 25
2024-11-04
Бүгінде қоғамдық кеңестің рөлі ауданымызда жоғары деңгейде бағаланып отыр. Кеңес мүшелері өңірде атқарылып жатқан мәселелерге бей-жай қарамай өз бағасын беріп, кем-кетікті реттеп отырады.
Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері мен қарапайым азаматтар кіретін ұйым кез келген мәселе бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Ол үшін арнайы қоғамдық тыңдаулар өтеді. Осылайша, қарапайым азаматтар елде жүріп жатқан істерге өз ықпалын тигізіп, өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік алады.
Міне, бүгінде ауданымызда күрделі мәселелер қаралып, қоғамдық бақылау жасалынып келеді. Қоғамдық Кеңес төрағасы Азат Жақыбай мен кеңес мүшелері әр тоқсанға бөліп бақылау жасайды.Осы жылдың үшінші тоқсанында қаралған мәселер Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» мәселесі қаралып, шешім жобасы ұсынылған жобада өзгеріссіз қабылданды және де «Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы» округ әкімінің есебі, «Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсанындағы «Панфилов ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 8-14-65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деген баға берілді. Әр қаралған мәселе де кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, өңір үшін маңызды шешімді қабылдайтындарын әр кезекті комиссия отырысында айтып отырады.
Гүлниза Тоқтасын, аудандық қоғамдық
кеңестің хатшысы