Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары
- Толығырақ
- Жарияланды 07.11.2024 10:35
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 21
2024-11-07
Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі бекітілген тізбеге кіретін қызметті жүргізетін салық төлеушілер қолдана алады.
Бөлшек салық үшін арнайы салық режимі ҚР Салық кодексінің 687-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жеке түр ретінде енгізілді және шағын бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимінен ерекшеленеді.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев атап өткендей, жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, бөлшек салықтың арнайы салық режиміне - жалпы белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуға құқылы.