Қаржылық сауаттылықтан дәріс оқыды
- Толығырақ
- Жарияланды 08.11.2024 10:41
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 21
2024-11-08
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ҚР ҮҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен қаржылық сауаттылық курсы ұйымдастырылды.
Шекара сақшыларына қаржы сарапшысы Сая Сағынғалиева бес күн бойы жеке және отбасылық бюджетті құрастыру, тауарлық несие мен қызметтерді алу мүмкіндігі, несие мен қарыздың тұзағына түспеу жолдарын талдай білу туралы ақпарт жеткізді. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу шарттарын түсіну мен қаржылық инвестиция құралдары, жалған компаниялардың алаяқтық әрекеттерін ажырата білу тақырыптарын кеңінен тарқатты. Шекара сақшылары ендігі кезекте қаржылық сауаттылық бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде пайдаланатын болады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті