Сарбаздарға қару табыстады

2024-11-21

Әскердегі сарбаз үшін маңызды оқиғаларының бірі - әскери техника мен қаруды тапсыру салтанаты. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы

бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде жас сарбаздарға салтанатты
түрде қару тапсыру рәсімі өтті.

 Жас сарбаздар курста оқу кезінде штаттық қарудың сипаттамасын, оның жауынгерлік мүмкіндігін, заманауи ұрыстың маңызын, сондай-ақ қару- жарақпен, әскери техникамен, ату қаруымен жұмыс жасау кезінде қауіпіздік шаралардың талаптарын зерделеген болатын. Міне, ендігі кезекте олар жеке қаруларын салтанатты түрде қолдарына алды. Бүгінгі өмірлерінде есте қаларлық сәт жөнінде жас сарбаздарды да сөзге тарттық: 
-Жауынгер болған соң өзіңе бекітілген жеке қаруыңның болғанын армандайсың. Бүгін мен үшін қуанышты күн. Маған салтанатты түрде жеке
қару табыс етті. Ол мен үшін үлкен мақтаныш! - дейді қатардағы жауынгер Арман Мұқатаев. Жеке қаруды табыстау рәсімі кезінде кешегі мектеп оқушысының қолына қару ұстаған нағыз әскери қызметші атанып, жауаптылықты сезінгенін байқадық. Шара соңында сарбаздардан құралған жорықтық сап салтанатты маршпен жүріп өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4781197