Болашағымыз айқын

2025-01-03

“Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 3 қаңтардағы сұхбатында айтқан маңызды тұжырымдарын толығымен қолдаймын. Ел экономикасын жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде индустриализация мен цифрландырудың маңызы зор екені белгілі. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық тәуелсіздік еліміздің саяси егемендігімен тікелей байланысты. Осы тұрғыда біз Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар ретінде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті заңнамалық бастамаларды қолдауға міндеттіміз.
Президент өз сұхбатында әлеуметтік мәселелер мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған реформалар туралы айтқан болатын. Бұл бастамалар экономиканың жаңа кезеңіне дайындықтың бір бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық аренада өзінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау үшін сыртқы саясатын да одан әрі нығайту қажет. Президентіміздің басшылығымен Қазақстан ұстанатын көпвекторлы саясат еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы орнын күшейтіп, болашақта үлкен мүмкіндіктер ашатын болады.
Е.Шоқпаров,
мәслихат хатшысы.

Күнтізбе

« Қаңтар 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4877510