Тіркелмеген мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз пайдалану және басқару тыйым салынады

2025-01-31

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілетін заңнамалық өзгерістер күшіне енеді.

 

Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек оларды полицияда тіркеуден өткізіп, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда, техникалық тексеруден өтіп және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы ХҚКО-ға (СпецЦОН) жүгіну қажет:
• жеке басты куәландыратын құжаттарды (электронды нұсқада болуы мүмкін) және мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсыну керек;
• өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мопедті тіркеуге (0,25 АЕК немесе 983 теңге), тіркеу куәлігін беруге (1,25 АЕК немесе 4 915 теңге) және мемлекеттік нөмірге (1,4 АЕК немесе 5 505 теңге) арналған мемлекеттік баждарды төлеу қажет.
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқару тыйым салынады.

Күнтізбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4953670