САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БАСТЫ ТАЛАП!

2025-02-03

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент), көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.


Осы ретте, Департаментпен 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 11 құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету, 1133 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілері анықталды.
Нәтижесінде, 118 қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды және 17 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 923 000 тенгені құрайтын айып пұлдар өндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін реттеуге талдау жүргізу кезінде құқықтық қайшылықтар мен олқылықтарға, бизнес-процестердің тиісінше реттелмеуіне, әкімшілік кедергілерге және артық талаптарға, сәйкессіздікке және лингвистикалық белгісіздікке назар аударылып, ақпараттық жүйелердің мониторингісі жүргізілді.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру, ықпалдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды, проактивті және композиттік форматқа көшіру бойынша Департаментпен бірқатар ұсыныстар жолданды.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақытылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша Департаментке жүгінуіңізге болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Күнтізбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4953662