Жетісулық жеке кәсіпкер республикалық әлеуметтік жобалар көрмесінде жеңімпаз атанды

     Жуырда Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесіне Алматы облысы атынан 3 жоба қатыстырылып, 51 әлеуметтік жобаның ішінен Қарабасов Нұрболат «Мүгедектер арбасын электрмен жабдықтау» атты  жобасымен ІІ- орынды иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар баяндады.

 

          Көрменің мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

         «Әлеуметтік маңызы бар мәселелерге  көңіл аудару, оларды шешу бүгінгі күні қарқынды түрде жүріп жатқаны көз қуантады. Жалпы адам баласындағы мұндай қиын жағдайдан да шығу мүмкіндігін көрсету менің ұсынған жобамның басты бағыты. Атап айтсам, электрлік жетек қоларбамен қолданушы мүмкіндігі шектеулі жандардың қала ішінде басқа адамның көмегінсіз еркін жүріп тұруына және тәуелсіз болуына жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы ісім еліміздің барлық қалаларында жүзеге асып, қоларба қолданушыларға жолындағы кедергілерді жою жоспарымда бар», - деді байқау жеңімпазы Н.Қарабасов. 

         Айта кетейік, бұған дейін облыс көлемінде үздік әлеуметтік жобалар байқауы ұйымдастырылып, 25 өтінімнің ішінен Нұрболаттың жобасы бірінші орынды иеленген болатын.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net