Полицияның жас көмекшілері

Өткен аптада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте аудан көлемінде «Полицияның жас көмекшілері - 2017» білім мекемелерінде мектепішілік жасақталған топтар арасында 6 номинация:
1. саптық дайындық
2. үгіт – насихаттау тобының байқауы (көрініс)
3. жас тілші
4. топ басшылар сайысы
5. эрудиттер турнирі
6. спорттық дайындық сайысы бойынша жарыс өткізілді.


Сайыстың мақсаты – білім беру ұйымдарының оқушыларын құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту, кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін және оқу орындарында балалар нашақорлығының себептері мен шарттарының алдын алу.
Аталмыш сайысты ұйымдастырудағы басты міндет:
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасын және жасөспірімдердің есірткіге қарсы беріктігін нығайтуға көмек көрсету;
- Білім алушылардың шұғыл жағдайларда әрекет ету және бірінші медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруі;
- Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, ішкі істер органдарының қызметімен танысу.
Бірінші, саптық дайындық бөлімінде қатысушылар команда бойынша әндетіп, ұрандатып саптық шерумен өтіп, топ басшысы төрешіге баянат жасап, өздерінің эмблемалары мен куәліктерін қазылар алқасына ұсынып, саптық қозғалыс қимылдарын орындады.
Екінші, үгіт – насихат сайысында топ құрамының толық қатысуымен мәдени тәрбиелік мәні бар музыкалық бағдарлама бойынша тақырыпқа сай көрініс көрсетіп, орындаушылық, шығармашылық қасиеттері бойынша бағаланды. Үшінші, жас тілші сайысы. Бұл сайыста әр команданың бір мүшесі өздеріне берілген тақырып бойынша 30 минут ішінде шығарма жазып, тақырыптың толық ашылуы мен материалдың анық жеткізілуіне көңіл бөліп, өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Топбасшы сайысы бойынша команда топбасшылары өз тобының күнделігін көрсетіп, жыл бойында атқарылған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Бесінші сайыс эрудиттер турнирі. Бұл сайыста әр топтан бір оқушы қатысып, тест сұрақтарына жауап берді.Соңғы, спорттық жарыс сайысы. Аталмыш сайыста топ нұсқаушысы өзінің спорттық нормативтер бойынша біліктілігін көрсетуге барынша тырысты.
Аудан бойынша, жалпы саны 14 команда қатысып, әділ қазы алқасының (Панфилов АІІБ –нің Жергілікті Полиция Қызметінің (ЖПҚ) Ювеналдық полиция тобының (ЮПТ) учаскелік полиция аға инспекторы, полиция капитаны – Ермек Инкажеков, аға инспектор, полиция аға лейтенанты – Шолпан Ергазинова, мектеп инспекторлары, полиция майоры – Жанар Увалиева, полиция аға лейтенанты – Нұрлан Сахабаев, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің тілшісі - Әйгерім Бақтыбаева, «Өнер мектебі» теория пәндерінің мұғалімі – Рошонгуль Абдришитова) шешімімен үздік деп танылғандары құрмет грамотасы және әдеби кітаптармен марапатталды. Қатысқан командалар арасында қырағылығымен қазылардың көзіне түскен Б.Назым және Х.Хамраев атындағы орта мектеп командаларын ерекше атап өтуге болады.
Тәрбиесі мен тағылымы мол шарада сайысқа қатысушылар өздерін бір сәтке ЖПҚ-нің көмекшілері ретінде сезініп, олардың атқарып жатқан жұмыстарының қиындық пен қауіпке толы екендігін жүректерімен түсініп, жастар арасындағы құқық бұзушылықты жоюға барынша ат салысатындықтарын айтып, бір-бірімен білгендерін бөлісіп, білмегендерін үйренуге мол мүмкіндік берді.
Әйгерім АБАЙҚЫЗЫ.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4177435