Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 05.12.2017 09:15
- Автор: Super User
- Категория: Әділет жаршысы
- Қаралды: 3047
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әрбір азаматтың тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, білікті құқықтық көмек алуға құқы бар. Білікті құқықтық көмек – бұл азаматтарға және заңды тұлғаларға жоғары заңгерлік білімі бар және осы салада арнайы кәсіби дағдылары қалыптасқан мамандармен көрсетілетін заңгерлік көмек. Құқықтық мемлекеттің дамуының бір ерекшелігі барлық халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету болып табылады.
2013 жылы ел Президентімен ҚР «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңына қол қойылған болатын. Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.
1.Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық консультация беру, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте көрсетіледі.
2.Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар; «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте адвокаттар; «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте нотариустар; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке сот орындаушылары көрсетеді.
Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар өз құзыреті аясында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді.
Н.Бұғыбаев,
аудандық Әділет
басқармасының
инспекторы
Қазақстан Заңгерлер,
Одағының мүшесі.