Жылжымайтын мүлікті электронды тіркеуге мүмкіндік бар

Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 26 шілде күнгі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды, және сыбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 

Енгізілген өзерістерге сәйкес, республикамызда жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу мүмкіндігі туды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі: Нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрдегі құқық белгілейтін құжатты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жібереді. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті иеленушіні құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде  берілген бірегей нөмір туралы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының  салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді. Жылжымайтын мүлікті иеленуші жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне, бар болған жағдайда мәмілеге

қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді.

            Құқық иеленуші немесе оның уәкілетті  өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбалары қажет емес, тіркеу үшін ең бастысы ЖСН-ның болуы, интернетке қолжетімділік банктік төлем карточкасының болуы қажет.

Г.БАИСИЫҚОВ,

Қазақстан Заңгерлер Одағының

мүшесі, аудандық Әділет

басқармасының инспекторы.

 

белең алған кезеңде ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиеленген, халқының қамын ойлар ұлтжанды санаулы азаматтарымыздың бірегейі ретінде

 

көтермелеуге болатын талантты жас.

                Нүркеш Әлібек Қанатұлын «100 жаңа есім» ұлттық жобасына енетін талабына нұр жауған жалынды жасымыз, жерлесіміз ретінде мақтан тұтуға боларлық, талаптың тұлпарын мінген, болашағынан халқы

үлкен үміт күттіретін азамат.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ.

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725601