Әдеп жөніндегі уәкіл вебинар өткізді

2022-08-03


3 тамызда ҚР Энергетика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Қ. Қасеновтың ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу басқармасының басшысы А. Б. Шахмерденовтың қатысуымен аумақтық департаменттердің басшыларымен және атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерімен және мұнай-газ кешеніндегі Батыс және Оңтүстік өңіраралық мемлекеттік инспекция басқармаларының басшыларымен ZOOM-сессиясы өтті.


 

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын және жаңа редакциядағы Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Вебинар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы А.Б. Шахмерденов мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін егжей-тегжейлі түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарына тоқталды.

Өз кезегінде Энергетика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Қ. Қасенов Мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаларын түсіндірді.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4847534