Жаңашыл мұғалім - заман талабы
- Толығырақ
- Жарияланды 04.12.2018 05:55
- Автор: Super User
- Категория: Білім
- Қаралды: 3306
Соңғы жылдары еліміздің үздіксіз білім беру кеңістігінде озық технологиялар білім сапасын көтерудің нақты нәтижеге бағытталған кепілі болып отырғаны баршаға мәлім.
Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндет әртүрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және білім сапасын жақсарту. Осы мақсатпен мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында екі апта білімімді жетілдіріп келген болатынмын. Курс жетекшіміз Саметова Жайна болды.
Курстың тақырыбы: СLIL пән және тілдерді кіріктіру әдістемесін меңгере отырып, кәсіби құзыреттелікті дамыту. Курста мен көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді үйрендім. Талғар қаласы Талдыбұлақ ауылының мектебіне арнайы семинарға барып көптеген мұғалімдердің сабағын көріп, коучинг, мастер көріп қайттық. Ол өте жоғары деңгейде өткізілді.
Осы курста мен өз білімімді көтеріп қана қоймай, өз мектебімдегі оқушыларға жаңа технологиялар бойынша білім беруге дайын болып келдім.
С.Махпирова,
Н.Крупская атындағы орта мектептің
қазақ тілі пәні мұғалімі.